$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен ана табылды

1995 жылы 12 наурызда туған азамат анықталып, полицияға жеткізілді
Фото:, Tengrinews.kz
Фото:, Tengrinews.kz

Шымкент полицейлері сәбиін қала аулаларының біріне тастап кеткен әйелді тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПД мәліметінше, ол 27 жастағы әйел болып шықты.

"Студенттер сәбиді 10 наурызда сағат 23.10-да Рысқұлов пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы балалар алаңынан тапқан. Балаға жедел медициналық көмек көрсетілді. Бірінші кезекте жаңа туған нәрестені жансақтау бөліміне жатқызып, бір күннен кейін палатаға ауыстырды", - деді полиция қызметкері.

Тәртіп сақшылары екі күн бойы сәбиін тастап кеткен әйелді іздеді. Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, тергеу жалғасып жатыр.

"10 наурызда Рысқұлов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан жаңа туған баланы тауып алу дерегі бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚК-нің 119-бабы 1-бөлігі "Қауiптi жағдайда қалдыру" бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1995 жылы 12 наурызда туған азамат анықталып, полицияға жеткізілді", - деді Шымкент ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары