$ 449.58  486.94  4.86

Бір жыл бұрын жоғалған модель қыздың мәйіті шабаданнан табылды

Қазіргі кезде қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.

Ресейде жоғалған модель Гретта Ведлердің мәйіті бір жылдан кейін Липецк қаласында шабаданнан табылды, деп хабарлады "Москва" агенттігі.

Бұл ақпаратты агенттікке құқық қорғау органдарының мамандары растады.

"Модель болған Ведлердің мәйіті Липецк қаласында шабаданнан табылды. Күдікті ұсталды", - дейді агенттіктің ақпарат көзі.

Қазіргі кезде қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетері, бір жыл бұрын бұқаралық ақпарат құралдары модель Гретта Ведлердің Мәскеуде жоғалып кеткенітуралы жазды. Соңғы рет оны Лесная көшесіндегі қонақ үйдің жанынан көрген. Полицияға Ведлердің досы хабар берген. Оның айтуынша, Гретта 2021 жылы 24 ақпаннан бастап байланысқа шықпай қойған. Сондай-ақ модель бір ер адаммен жақын араласқан. Ол қызды үнемі аңдып жүрген. Қорқытқан кездері де болған дейді.

sputnik.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары