Мұхтар Тайжан жаңа партия құратынын жария етті. Бұл туралы ол өзінің «Facebook» парақшасында жазды.
«Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырту үшін бүгінгі билік - яғни бүгінгі залында отырғандардың - Мәжіліс, Сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысу керек. Ол үшін біз - ел мен ұлт жанашырлары - жаңа партия құрып келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңіп - билікке келуіміз қажет!», -деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол болашақ партия қай бағытта жұмыс істейтінін атап өтті.
«Біздің жаңа саяси партиямыздың атауы ЖЕР ҚОРҒАНЫ болсын. Жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті деп білем. Жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз. Менің жанжақты ұстанымдарымды, пікірлерімді жақсы білесіздер деп ойлаймын. Егер менің саяси және экономикалық көзқарасымды қолдайтын болсаңыздар - бұл сілтемеге кіріп тіркеліңіздер! Келесі сайлаудың нәтижесінде (бәлкім биыл) біздің партиямыздың белсенділеріміз парламент пен үкіметте табылып Елімізге нағыз, өтірік емес, реформаны енгізетін боламыз!», - деп жазған.