$ 494.87  520.65  4.91

Бозымбаев пен Ахметов басшылық ететін аймақтарының бөлінуін қалай қабылдады

Бір немесе басқа облысқа қай аудандардың көшетінін қарау керек.

Президент Жолдауын аяқтаған соң журналистер Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдерінен қазір өздері басқарып отырған аймақтарды бөлу туралы ойларын сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл мен үшін де жаңалық болды. Бір немесе басқа облысқа қай аудандардың көшетінін қарау керек, бірақ басқарушылық жағынан оңайырақ болады", – деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы аяқталған соң тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге Бозымбаев Қапшағайдың атын Қонаев деп өзгертуді қолдайтынын жеткізді. Ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов БАҚ өкілдеріне енгізіліп жатқан өзгерістерді өте жақсы қабылдағанын мәлімдеді.

"Өте жақсы... Екі облыс болады... Халыққа да, бізге де жақсы...", – деді аймақ басшысы.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Шығыс Қазақстан облысынан Абай ауданы бөлінеді. Семей қаласы оның орталығына айналады. Алматы облысы екіге – Жетісу мен Алматы облыстарына бөлінеді. Алматы облысының орталығы Қапшағай, Жетісу өңірінің орталығы Талдықорған қаласы болады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары