$ 494.87  520.65  4.91

Мас күйінде көлік жүргізген әнші қыз 3 жылға жүргізуші құқығынан айрылды

«Дауыс International» тобының бұрынғы әншісі Жадыра Құтпанова автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізуші құқығынан үш жылға айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешіметке сілтеме жасап.

— Алматы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісіне Жадыра Құтпановаға қатысты «Жүргізушінің көлік құралын алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйде басқару» бабы бойынша 25 шілдеде қозғалған әкімшілік іс келіп түсті. 30 шілдеде соттың қаулысымен заңбұзушы Жадыра Құтпанова «Көлік құралын жүргізушінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бекітілген ережелерін бұза отырып, адам денсаулығына нұқсан келтіру, көлік құралы мен басқа да мүлікке зақым келтіру» бабында қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасауға айыпты деп танылды. Оған көлік құралын басқару құқығынан үш жылға айыру түрінде әкімшілік өндіру тағайындалды, — дейді Ешімет.

Еске сала кетсек, «Дауыс International» тобының бұрынғы мүшесінің көлігі Саин және Асқаров көшелерінің қиылысында ұсталған болатын. Жадыра Құтпанова қиқар мінезтанытып, көлік құжаттарын көрсетуден үзілді-кесілді бас тартқан еді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мас әнші Бостандық аудандық ішкі істер басқармасы ғимаратының жанында полицейдің шалбарын жыртып, тағы бір қызметкердің қолын тістеген. Дәрігерлердің айтуынша, қыз алкогольден орта деңгейде мас болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары