$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда жаяу жүргіншілерге арнап екі аспалы көпір салынуда

Биыл Қызылорда қаласында 73,3 шақырымды құрайтын 79 көше жөнделуде. Бұл жөнінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Оңтүстік кіреберістегі Шымкент-Самара халықаралық автожолы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, Саламатов, Рысқұлов, Әбілқайыр хан, Марал Ишан, Қаратоғай көшелері қайта жаңғыртылуда. Оларға жаңа үлгідегі жарық бағаналары мен аялдамалар, көрнекі ақпарат қондырғылары (билборд) қойылады.

913 млн. теңгеге ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Әл-Фараби көшесі күрделі жөндеуден өтті. Қалада ұзындығы 73,3 шақырымды құрайтын 79 көше, ауылдарда 7,3 шақырымды құрайтын 10 көше орташа жөндеуден өтуде. Осы жобаларды жүзеге асыруға 3 млрд. 924 млн. теңге қаржы қаралды.

Қала көшелерінің күре тамырларының бірі - Абай даңғылы бойынан («Болашақ» университетінің маңы) Қазыбек би көшесінен («Жайна» сауда үйінің алды) жаяу жүргіншілерге арналған 2 аспалы көпір салынуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары