$ 447.4  477.55  4.76

Ұлттық ұлан 166 млн теңгеге қолсағат алмақшы

Сатып алу порталында бір сағаттың құны 44 642 теңге деп көрсетілген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық ұланның бүкіл Қазақстан бойынша орналасқан өңірлік қолбасшылықтары қолсағат алуға 166 млн теңге жұмсамақ деп хабарлайды «Путешествие по госзакупкам» телеграм-арнасы.

2014 жылдың 21 сәуірінде ҚР Президентінің Жарлығымен Ішкі істер министрлігіндегі ішкі әскерден қызметті қабылдаған Ұлттық ұланның Қарағандыда «Орталық», Алматыда «Оңтүстік», Оралда «Батыс» және Өскеменде «Шығыс» қолбасшылығы штабтары жұмыс істейді.

«Сатып алу порталында бір сағаттың құны 44 642 теңге деп көрсетіліп, бауы былғары, сырты алтын жалатылған және артқы қақпағында Мемлекеттік елтаңба суреті мен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНЕН» жазуы болуы тиіс екендігі туралы талап қойылған», – делінген шолуда.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары