$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды

Кеше Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлап, тұрғындар жылусыз қалған.

Бүгін таңертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған болатын. Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде. Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды», - делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 Еске сала кетейік, кеше Петропавлда жылу электр орталығының бір мұржасы құлап, тұрғындар жылусыз қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары