Қазақстанның төрт өңірінде ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
21 наурызда Ақмола облысында сағат 10.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, көрінуді шектеу) жолдардағы барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сонымен қатар, Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы кейбір жол учаскелері жабылды.
Қостанай облысы бойынша Республикалық маңызы бар автожолдар учаскелерінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін шектеу енгізілді:
А-16 "Жезқазған-Петропавл" 340-377 шақырым (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
Р-36 "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" шақырым 219-232 (Октябрьское кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін).
Петропавл-Жезқазған бағытындағы автожолдың жабылғандығы жөнінде 112 қызметі хабарлады.
Sms-хабарламада Петропавл-Жезқазған" А-16 трассаның 595-624 км жабық делінген. Көліктердің қозғалысын шектеуге өңірдегі боран себеп болды.
Кеше арнайы қызмет СҚО аумағында секундына 28 метрге дейін қатты жел тұратынын ескерткен болатын.