$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында контрабандалық көліктер ұсталды

Тауардың алдын ала бағалау құны 70 млн теңгені құрайды.

Өзбекстаннан Қазақстанға кіре берісте контрабандалық көліктер ұсталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2022 жылғы 19 наурызда "Б. Қонысбаев" өткізу пунктінде (Түркістан облысы), Өзбекстаннан Қазақстанға кіретін көліктерді тексеру кезінде шекара наряды үш жүк көлігін ұстады. Олардың ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған.

Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды. Тауардың алдын ала бағалау құны 70 млн теңгені құрайды", - делінген хабарламада. 

Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары