$ 494.87  520.65  4.91

Президент халықтың несиесін кешіру туралы Жарлыққа қол қойды ма?

Жобада кредиттік қарыздардың 90%-ын кешіру көзделмеген.

Қазнетте тақырыбында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа берілген барлық тұтынушылық несиелердің 90%-ын кешіру туралы Жарлыққа қол қойғаны айтылған видео таралуда. Бұл олай емес, деп хабарлайды stopfake.kz.


Шын мәнінде, ел Президенті мұндай Жарлыққа қол қойған жоқ. Сонымен қатар, видеода Мемлекет басшысының Жарлығы туралы емес, қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев түсіндірген жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасы жайлы айтылады.

 
Жобада кредиттік қарыздардың 90%-ын кешіру көзделмеген. Ол халықтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және адал несие алушыларға көмектесуге бағытталған. Атап айтқанда, заң жобасында тұрақты табыс болған жағдайда, сотта қарызды бес жыл бойы бөліп төлеу мүмкіндігін алу қарастырылған. Егер борышкердің тұрақты табыс көзі болмаса, онда жобада екі нұсқа қарастырылмаған: сотсыз және сот арқылы банкроттық жариялау. Бұл процедуралар туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.


Демек, видео тақырыбы – кликбейт. Мұндай тақырыптар пайдаланушылардың назарын аудару, сол арқылы жаңалықтар мен видеоларды көп көрсетуге бағытталған. Мұндай тақырыптардағы ақпарат көп жағдайда әдейі бұрмаланады, ал фактілер асыра айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#несие #фейк