$ 494.87  520.65  4.91

Гүлмира Сатыбалдыға қандай айып тағылғаны белгілі болды

Ол өз акциясын 35 млрд теңгеге бағалаған.

18 наурыз Елбасының немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира қамауға алынды. Қазіргі таңда ол тергеу изоляторында.

Гүлмира Сатыбалдыға екі рейдерлік эпизод бойынша айып тағылған. Екеуінің де Баян Мақсатқызының күйеуіне қатысы бар.

Іс материалдарына сәйкес, Тұрсен Алагузов «Galanz Bottlers» акционерлік қоғамындағы 43,5 пайыздық үлесін қайта жазуға мәжбүр болғанын айтып, полицияға арыз жазған. Ол өз акциясын 35 млрд теңгеге бағалаған.

Maxi Bottlers ЖШС-нің бұрынғы иесі Айгүл Макишева да арыз жазған. Оның айтуынша, Сатыбалды әулеті оның 40 млн теңгеге бағаланатын кәсіпорнын тартып алған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 249 бабы бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Енді күдікті Сатыбалды отбасы – Гүлмира мен Қайрат 7 жылға сотталып, олардың мүлкі тәркіленуі мүмкін.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары