Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы – Өскемен тас жолының 110-шақырымында Toyota Windom мен Lexus LX 570 соқтығысқан. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алды.
"Көліктердің бірі бұрылып жатқанда қарсы бағытта келе жатқан екіншісі келіп соғылған. Оқиға орнында Toyota Windom көлігінің 21 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ Қапшағай ауруханасына түрлі жарақатпен 50 жастағы әйел жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл дерек бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша жүргізіледі.