$ 446.49  475.38  4.79

Көк базарда сатушыға кептерлер шабуыл жасады

Tiktok видеохостингінде тараған видеоға сай Алматыдағы Көк базарға кептер болып киінген бірнеше адам кіріп кеткен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Желіде Көк базардағы сатушылардың біріне кептерлер келіп, тауарын шұқып жатқан видео тарады. Сатушы кептер кейпіндегі адамдарды қолындағы орамалымен қуып әлек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tiktok видеохостингінде тараған видеоға сай Алматыдағы Көк базарға кептер болып киінген бірнеше адам кіріп кеткен. Олар сатушының біріне келіп, сатып тұрған заттарын шұқи бастайды. Сәйкесінше сатушы да қолына орамалын алып, оларды қуып жатқан ыңғай танытты.

Желі қолданушылары бұл қызыққа толы видеоны талқылап жатыр. Біразы көктемнің белгісі деп жақсыға балады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары