22.03.2022, 21:00

«Путинмен келіссөздер сәтсіз аяқталса, Үшінші дүниежүзілік соғыс болуы мүмкін» – Зеленский

Фото: ашық дереккөз
Зеленский қазір Украинада болып жатқан соғысты басқа жолмен тоқтату мүмкін емес дейді.

Зеленский Путинмен келіссөздердің кез-келген әрекеті сәтсіз аяқталса, бұл екі ел арасындағы күрес «Үшінші дүниежүзілік соғысқа» әкелуі мүмкін екенін ескертті деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Украина басшысы 20 наурызда CRN арнасына берген сұхбатында айтты. Зеленский қазір Украинада болып жатқан соғысты басқа жолмен тоқтату мүмкін емес деді.

«Мен онымен келіссөздерге дайынмын. Менің ойымша, келіссөздерсіз біз бұл соғысты аяқтай алмаймыз. Егер бұл соғысты тоқтатуға кем дегенде 1% мүмкіндік болса, менің ойымша, біз бұл мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Біз мұны істеуіміз керек. Мен сізге осы келіссөздердің нәтижесі туралы айта аламын – қалай болғанда да, біз күн сайын жер бетіндегі бейкүнә адамдардан айырылып жатырмыз», – деді ол.

Украина президенті Путинмен келіссөздер жүргізу үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануға дайын екенін жеткізді.

 «Орыс әскерлері бізді қырып-жоюға, өлтіруге келді. Біз өз халқымыз бен армиямыздың күшті соққы жасай алатынын, кері соққы беруге қабілетті екенін көрсете білдік. Бірақ, өкінішке орай, біздің абыройымыз өмірді сақтап қалуға көмектеспейді. Сондықтан, Путинмен келіссөздер жүргізу үшін біз кез келген форматты, кез келген мүмкіндікті пайдалануымыз керек деп ойлаймын. Бірақ, егер бұл әрекеттер сәтсіз аяқталса, бұл Үшінші дүниежүзілік соғыс дегенді білдіреді», – деп мәлімдеді Зеленский.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.