22.03.2022, 15:18

Желіде 60 жаста ұзатылған апаның ВИДЕОСЫ тарады

Фото: ашық дереккөз
Бейнежазбада егде жасқа келген апа ұзатылу рәсімі кезінде жас қыздарша сәукеле мен ұлттық киімін киіп, сыңсу әнімен ұзатылып жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желіде ұзатылып бара жатқан 60 жастағы апаның түсірілген бейнежазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазбада егде жасқа келген апа ұзатылу рәсімі кезінде жас қыздарша сәукеле мен ұлттық киімін киіп, сыңсу әнімен ұзатылып жатқанын көруге болады.

Апаны жар еткен ер кісі де онымен қатарлас екені байқалады.

Ерекше өткен ұзату тойына желі қолданушылары түрлі пікір жазып, тілектерін айтты.

«Тіпті, ерсі!», «Ең болмағанда қартайғанда шүйіркелесіп шай ішеді гой», «Бақытты болсын!», «Сәукелесі әдемі екен», «Ұят сияқты».

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.