$ 524.58  551.91  4.93

Лондонда Наурыз мейрамы тойланды (ФОТО)

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен Лондон Университеттік колледжінің қазақ студенттер қоғамы ұйымдастырған Наурыз мерекесінде қазақ мәдениеті мен өнері таныстырылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

 Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері алғаш рет Ұлыбритания астанасында Наурыз мейрамы офлайн форматта аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен Лондон Университеттік колледжінің қазақ студенттер қоғамы ұйымдастырған Наурыз мерекесінде қазақ мәдениеті мен өнері таныстырылды.

Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ ұйғыр диаспорасы Орталық Азия көктем фестиваліне қатысты. Мерекелі іс-шараға британ астанасының мыңдаған тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мерекелік концерт аясында Қазақстан Елшілігінің өкілдері қазақ халық әндерін, сондай-ақ танымал заманауи композицияларды орындады. Ұлттық стендте зергерлік бұйымдар, ұлттық киім, тұрмыстық заттар, ұлттық тағамдар, сондай-ақ Қазақстанның тарихы, мәдениеті және қазіргі заманы туралы кітаптар мен брошюралар ұсынылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары