22.03.2022, 16:22

Петропавлдағы апат: Үйінді астында қалып кеткен әйелдің денесі табылды

Фото: ашық дереккөз
Жұмысшының аты-жөні - Наталья Олеговна Чефонова.

Петропавлда жылу-электр орталығындағы апат кезінде үйінді астында қалған машинист әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылы 20 наурызда сағат 19.20-да СҚО ТЖД-ға «СолтҚазЭнерго» АҚ-ға қарасты ЖЭО-2-нің қазандық цехында мұржа опырылып түсіп, апат орын алғаны туралы хабар келіп түсті.

Кезекші ауысымды тексеру кезінде қазандық цехындағы құрал-жабдықтарды аралап тексеруші, 1984 жылғы машинист әйелдің жоқ екені анықталды.

СҚО ТЖД қызметкерлері оқиға орнында дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.

Кейін оларға Нұр-Сұлтан қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қосылды. Іздеу жұмыстары екі тәуліктен астам уақыт жүргізілді. Бұл жұмысқа кинологиялық қызмет те тартылды. Ауыр инженерлік техниканы пайдалану мүмкіндігі болмағандықтан құтқарушылар үйінділерді қолмен шанц және гидравликалық құралдарды пайдалана отырып қопарды. 22 наурыз күні сағат 10.32-де құрылыс конструкцияларының үйінділерінің астынан әйелдің денесі табылды. Сағат 12.05-те мүрде үйінділердің астынан шығарылып, сот-медициналық сараптама жүргізуге жолданды, деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

СҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы марқұмның туыстарымен жұмыс істеп жатыр.

Жұмысшының аты-жөні - Наталья Олеговна Чефонова.

Айта кетсек, 20 наурыз күні сағат 19.20 минут кеткенде Петропавлдағы жылу-элеутр орталығының бір мұржасы құлады. Орталықтағы апатқа байланыста қылмыстық іс қозғалды. ЖЭО-дағы түтін мұржасының жартылай құлауына байланысты облыс әкімі жедел штаб құрды. Осы оқиға бойынша Президент облыс орталығы мен басқа да елді-мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды. 21 наурыз күні апат болған жылу орталығының директоры мен бас инженер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.