$ 448.15  483.46  4.86

«Апатқа ұшыраған Boeing-тағы жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ» – ҚР СІМ

Апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 132 адам болған, оның 123-і - жолаушылар.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қытайда апатқа ұшыраған ұшақтағы жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған ұшақтағы жолаушылар арасында біздің елдің адаматтары болмаған, - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетсек, ҚХР-дың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Сучжоу қалалық округіне қарасты Тен уезінде ұшақ апатқа ұшырады. Қытайлық БАҚ-та жарияланған мәліметтер бойынша, ҚХР-дың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 132 адам болған, оның 123-і - жолаушылар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бүгін құтқарушылар апатқа ұшыраған Boeing жолаушыларының денесін әлі таба алмай жатқанын хабарлаған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары