$ 443.85  474.3  4.8

Шымкентте адам шығынына алып келген ауыр жол-көлік апаты тіркелді

Оқиға наурыздың 21-інде сағат түнгі 2 жарымдар шамасында Әл-Фараби көшесі мен Алматы бағытындағы тас жолдың қиылысында болған.
© otyrar.kz
© otyrar.kz

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, жетеуі жарақат алып ауыр халде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Оқиға наурыздың 21-інде сағат түнгі 2 жарымдар шамасында Әл-Фараби көшесі мен Алматы бағытындағы тас жолдың қиылысында болған.

Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentra көліктері соқтығысқан. Қатты соққының салдарынан бірнеше адам көлік сыртына шығып кеткен. Үш адам оқиға орнында мерт болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі дер кезінде жеткен. Қатты соққыдан көліктің бірінен жанармай сыртқа ағып, өртене бастаған.

Оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары