Қазақстан құрамасында өнер көрсететін ауыр атлет Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алтын медальдан айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы спорт төрелік сотының (CAS) ресми сайты жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, Нижат Рахимов 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Рио Олимпиадасында алтын алған. CAS мәліметінше, ауыр атлеттің 2016 жылдың 15 наурызынан 2021 жылдың 18 қаңтарына дейін көрсеткен барлық нәтижелері жойылады.
2021 жылдың қаңтарында халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) спортшыны допингке қарсы ережелерді бұзды деп айыптады.
Сот төрешісі қазақстандық ауыр атлетті зәрінің төрт үлгісін алмастырғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) допингке қарсы ережелерін бұзу болып саналады.
Ниджат Рахимов 1993 жылы 13 тамызда Бакуде дүниеге келген. Ол этникалық әзірбайжан. 2010 жылы Әзірбайжан құрамасы сапында Сингапурда өткен жазғы Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы атанды. 2013 жылы Перуде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды. Сол жылы допинг қолданғаны үшін екі жылға шеттетілді.
2014 жылдың тамызында Рахимов Қазақстан азаматтығын қабылдап, Қазақстан құрамасының құрамында өнер көрсетуге шешім қабылдады.