$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекет басшысы Юрий Померанцевтің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Юрий Померанцевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Юрий Померанцевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еңбек Ері, халық артисі Юрий Померанцевтің қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Ерекше талантты актер, көрерменнің көзайымы болған тұлға Юрий Борисович қазақ театры мен киносының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол бізге терең мағыналы, шынайы сезімге толы ерекше туындылардың тұтас шоғырын сыйлады. Юрий Померанцевтің өмірі мен шығармашылық жолы - өнерге деген адалдық пен риясыз қызметтің, патриотизмнің, парасаттылық пен жомарттықтың үлгісі. Юрий Борисович халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленген тұлға. Ол жас ұрпақтың дана тәлімгері болды", - делінген Президент жеделхатында.

Еске салайық, бүгін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Померанцев 100 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары