$ 446.49  475.38  4.79

Қытайдағы ұшақ апаты: Қаза болғандардың мәйіттері табылды

Бұған дейін мамандар бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің құжаттарын, сондай-ақ апатқа ұшыраған ұшақтан қара жәшіктің бірін тапқан.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қытайдағы Boeing 737 апатының орнында қаза тапқандардың мәйіттерінің қалдықтары табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін мамандар бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің құжаттарын, сондай-ақ апатқа ұшыраған ұшақтан қара жәшіктің (тіркеу жүйесінің құрылғысы, негізінен авиацияда ұшудың негізгі параметрлерін, ұшу аппараттарының жұмыс істеуінің ішкі көрсеткіштерін, экипаж келіссөздерін және т. б. жазу үшін қолданылады –авт.) бірін тапты. Оны Бейжіңге тексеріске жіберді.

Билік әуе кемесінің қатты зақымдануына байланысты қайғылы жағдайдың себептерін анықтау қиынға соғатынын хабарлады.

Еске салсақ, China Eastern авиакомпаниясының Boeing 21 наурызда ҚХР оңтүстігінде апатқа ұшырады. Лайнер радардан жоғалып, кейінірек оның сынықтары таудан табылды. Бұл соңғы 12 жылдағы Қытайдағы ең үлкен апат болып отыр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары