Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан бір тәулікте 123 жол апаты болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда таңертеңнен бері 123 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицейлер азаматтардан ауа райының нашарлауына байланысты баратын бағытын алдын ала жоспарлап, кенет басқа жолаққа ауыспауды және тежегішті кенет баспауды, қала сыртына сапардан бас тартуға, сондай-ақ патрульдік полицияның талаптарын орындауды сұрады.
"Қала сыртына ұзақ сапарлардан бас тартуды қатаң түрде ұсынамыз. Мүмкіндігінше, баламалы көлік түрін пайдаланыңыз. Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық бағыттағы қозғалыс жабылды", - делінген хабарламада.
"Жаяу жүргіншілерге өте мұқият болу керек. Жолдан өткен кезде гаджетке үңілмей, құлаққапты шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу керек. Қолайсыз ауа райында сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын едәуір азайтуға көмектеседі", - деді Нұр-Сұлтан қаласының полициясы.