$ 495.2  522.34  4.94

15 млрд-қа бағаланған Алматы қала жарық ғимараты 4,6 млрд-қа сатылды

Әкімдік «Алматы қала жарық» мекемесінің жекешелендірілуі стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін деп түсіндірді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шамамен 15 млрд теңгеге бағаланған «Алматы қала жарық» ШЖҚ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 4,6 млрд теңгеге жекешелендірілді, деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

«Алматы қаласының әкімдігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКҚК-ны коммуналдық меншікке қайтару бойынша бірлескен жұмыс жүргізді. Кәсіпорын қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін автоматтандырылған және орталықтандырылған бақылауға жауапты. 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен тендер арқылы «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКК-ні сату жүзеге асырылды. «ABM Group.com» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мәміле бағаланған құны 14,8 млрд теңгеден төмендеп, 4,6 млрд теңгені құрады» делінген хабарламада.

Айта кетсек, Алматы қаласы бойынша ҚР ӘЖҚ департаменті «Алматы қала жарық» мекемесінің нарықтағы құнын анықтаған.

«Бұл ұйымның монополиялық жағдайға ие екені анықталды. ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының нормаларына сәйкес, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешім қабылдау ел үкіметінің құзыретіне жатады. Бұл Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКҚК-ны жекешелендіру туралы қаулысы мемлекеттік мүлік туралы заңнаманың нормаларына қайшы келеді және бәсекелестікті шектейді» делінген хабарламада.

Әкімдік «Алматы қала жарық» мекемесінің жекешелендірілуі стратегиялық мемлекеттік кәсіпорынның жоғалуына әкелуі мүмкін деп түсіндірді.

«Осыған байланысты, Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы АЖР Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде «Алматы қала жарық» ШЖҚ МКҚК-ны жекешелендіру туралы шешімнің күшін жою жөнінде шаралар қабылдауда» деп хабарлады әкімдік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары