25.03.2022, 09:40

Ақмола облысында су мұнарасы құлады

Бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды.

Ақмола облысының Макинка ауылында қатты жел салдарынан су мұнарасы құлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды. Қазір су тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқиға орнына арнайы мамандар келген. Олар мұнараның одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтайды.

"Макинка тұрғындарын сумен қамту туралы айтар болсақ, бүгін су таситын екі көлік жүрді жүрді. Халық тапсырысы бойынша су жеткізді. Таңертең де сол қарқынмен жұмысты жалғастырамыз. Мамандар нақты шешім шығаруы керек. Себебі егер астындағы іргетас қозғалса, онда мұнараны бұзып, жаңасын орнату қажет", - деді Макинка ауылының әкімі Жанат Көшкімбаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.