Ресейлік саясаткер, ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский қайтыс болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Риа Новостиге сілтеме жасап.
Бұл туралы агенттікке сенатор Александр Пронюшкин хабарлады.
Саясаткер бүгін таңғы сағат 10:45-те көз жұмды. Бұған дейін SHOT Telegram-арнасы Жириновскийде сепсистік шок болғанын, бір өкпесі жұмыс істемей қалғанын жазған болатын.
Жириновский Алматы қаласының тумасы. Ол 75 жаста. Ақпан айынан бастап коронавирустан емделіп жатқан болатын.
Бірақ Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин Жириновский қайтыс болды деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.
"Владимир Вольфовичтің денсаулығы үшін алаңдап жатқандарды жұбатқым келіп отыр. Ол кісі тірі. Жағдайы, шынымен де, ауыр. Бүгін оған КТ жасаған. Біз ол үшін алаңдап отырмыз. Дәрігерлер барын салып, күресіп жатыр. Ол өзі де мықты екен. Тезірек сауығып кетуін тілейік", - деп жазды ол.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.