25.03.2022, 16:00

Сағынтаев автотұрақтар желісін Боранбаевқа 5 миллион теңгеге сатып жіберген

Келісім-шарт әкім Бақытжан Сағынтаевтың кезінде жасалған.

Күніне 5 млн теңге табыс табатын автотұрақ желісі Қайрат Боранбаевқа 5 млн теңгеге сатылып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz

2016 жылы Алматыда автоматтандырылған ақылы көлік қоятын тұрақ жүйесі іске қосылды.

Қала тұғындарына мәлім, аталған қызметтің екі түрі бар. Көлікті көше бойына қою және тұрақ алаңдары. Барлығы бір операторға тиесілі. Ол – Alan Parking ЖШС. Оған 12 мың тұрақ қарайды.

Автотұрақтың басым бөлігі – Райымбек, Абай, Қалдаяқов, Сейфуллин көшелерінде орналасқан.  Ақылы тұрақ бағасы сағатына 100 теңге тұрады. Үш түрлі төлем жүйесі арқылы есептесуге болады. Ол паркомат, киви-әмиян және СМС жолдау арқылы.

Aparking бірыңғай операторы «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-ға қарайды.

Ал «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-ның 70% үлесі «RR2» ЖШС-ға, қалған 30%  Алматы әкімдігіне қарасты ӘКК-ге (Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация) тиесілі.

Aparking компаниясының хабарлауынша, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында ақылы тұрақтарды басқару үшін аралас модель (70% – жеке, 30% – мемлекеттік) таңдалды.

2019 жылы мамыр айында Қайрат Боранбаев «RR2» ЖШС-нің жалғыз иесі атанды. Бұған дейін бизнесмен «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС Бас директоры Саламат Ахметовпен бірлесіп басқарған болатын.

Скрин uchet.kz, «RR2» ЖШС салық көрсеткіші

Ulysmedia.kz дерекөзі ӘКК Alan Parking үлесін Қайрат Боранбаевақа 5 млн теңгеге сатқанын хабарлады. Келісім-шарт әкім Бақытжан Сағынтаевтың кезінде жасалған. Сондай-ақ дереккөз Alan Parking жүйесінің күнделікті табысы 5 млн теңгені құрайтынын айтты.

2019 жылы комания басшылығы AParking шығынмен жұмыс істейтіні, инвестицияланған қаражат 2020 жылы қайта бастайтынын айтты.

«Жоба сараланған тарифтермен бес жылдан кейін табысқа шығады деп жоспарланған болатын. 100 теңге тарифімен не болары белгісіз. Бес жылдан кейін біз пайдадан 472 млн теңге шығынды жаба бастаймыз. 2020 жылы компанияның кірісі мен шығысы теңеседі. Есеп бойынша табыс таза пайданың 10-15% - ын құрайды» ,-деді AlanParking қаржы директоры Мұхтар Базарбаев.

Скрин uchet.kz, Alan Parking салық көрсеткіші

Компания сайтында инвестиция - 3,96 млрд теңге екені жазылған. Күніне 5 млн табыс табатын автотұрақ желісіне бір жылда 2 млрд теңге қаражат құйылады. 2016 жылы басталған жоба, шынымен 3-4 жылда өзін өзі толық ақтап тұр.

Еске салсақ, Бақытжан Сағынтаев 28.06.2019 – 31.01.2022 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі болды.

2022 жылы 17 наурызда Қаржылық мониторинг агенттігі белгілі кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының жетекшісі, ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевқа қарсы тергеу амалдарын бастады. Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр. Қазір ол сот шешімімен 2 айға қамауға алынды.

Forbes журналының нұсқасы бойынша 56 жастағы Қайрат Боранбаев Қазақстанның ең бай және ықпалды бизнесмендерінің ТОП-50 қатарына кіреді. Оның байлығы 519 миллион долларға бағаланады.

Сержан Жұмашовпен бірге Алматыдағы Esentai Tower БО және Esentai Mall сауда және ойын-сауық орталығына иелік етеді. Сондай-ақ, кәсіпкер Республика алаңында жалпы ауданы 25 мың шаршы метр болатын «Алмалы» жерасты сауда орталығының жалғыз меншік иесі болып табылады.

Боранбаевтың тағы бір елге белгілі бизнесі – Қазақстан, Беларусь және Ресейдің бірнеше өңіріндегі McDonald 's франшизасы.

Ресейлік миллиардер Виктор Харитонинмен және басқа серіктестерімен бірге ковидке қарсы «Спутник-V» ресейлік вакцинасын әзірлейтін «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС басқарады.

Қайрат Боранбаев —Дариға Назарбаеваның бұрынғы келіні Алима Боранбаеваның (марқұм Айсұлтан Назарбаевтың әйелі болған) әкесі. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.