Экономика министрлігі Салық кодексіне қазақстандықтар, оның ішінде балалар үшін мемлекеттік баж салығы мөлшерін белгілейтін түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен, 615-бапқа өзгерту енгізілді.
Қазақстан Республикасы азаматының 22 парақтан тұратын паспортын алу үшiн – 4 АЕК (12 252 теңге, 16 жасқа дейiнгi балалар үшiн) төлеу белгіленді; 36 беттік құжатқа 8 АЕК (24 504 теңге) төленбек.
48 беттен тұратын төлқұжат 12 АЕК (36 756 теңге) тұрады.
Азаматтығы жоқтарға берілетін куәлікке 8 АЕК (24 504 теңге) төлеу керек.
Қазақстан азаматтары үшін жеке куәліктің құны – 0,2 АЕК (612,6 теңге).
Қазақстан Республикасы азаматының құжатты бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалтуына байланысты жеке куәлік алу құны – 1 АЕК (3063 теңге).
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты – 0,2 АЕК (612,6 теңге).
Салық кодексінің қазіргі редакциясында тек Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, азаматтығы жоқ адамның куәліктері, жол жүру құжаты қамтылған.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты – 0,2 АЕК.
Түзетулер жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.