$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде АЭС салынатын өңірлер белгілі болды

Қазір АЭС-ті салуда біз екі аймақтағы орынды жоспарлап отырмыз.

Қазақстанда АЭС қай аймаққа салынаты белгілі болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді деп хабарлады.

«Қазақстанға АЭС қажет. Бірақ, ең алдымен, АЭС-ті зерттеу жұмыстарын аяқтаумыз керек. Әзірленетін жоспардың ішінде қай жерге орналасатыны туралы нақты қаралады. Бұл мәселеге кеңестік кезеңнен бастап зерттеу жасалған. Кейінірек оған дұрыс көңіл бөлінбеген. Қазір АЭС-ті салуда біз екі аймақтағы орынды жоспарлап отырмыз. Ол Балқаш қаласының Үлкен ауданында немесе  Шығыс Қазақстандағы Курчатов қаласы деп жоспарлануда. Әрине, қосымша зерттеу жұмыстары мен тұрғындардармен келісім жұмыстары жүргізіледі», – деді Болат Ақшолақов.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда 31 мемлекет АЭС-ті қолданып отыр.

«2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы қуаты шамамен 390 ГВт болатын 439 энергетикалық реактор бар, әлемнің 19 елінде 52 реактор салыну сатысында. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясының 10%-ын құрап отыр», – деді энергетика министрлігінің басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары