Жаңалықтар 25.03.2022 сағат 18:00

Ұлттық банк төрағасы мемлекет басшысының қабылдауында болды

Ғалымжан Пірматов валюта нарығында қалыптасқан үрдістер, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен ұлттық қордағы активтердің жай-күйі туралы айтты.
Ұлттық банк төрағасы мемлекет басшысының қабылдауында болды
Фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда  жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде, сондай-ақ, қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді. 

Президентке сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал жайында баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығында қалыптасқан үрдістер, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен ұлттық қордағы активтердің жай-күйі туралы айтты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияның қарқыны, банк жүйесіндегі депозиттер құрылымының өзгеруі, зейнетақы активтерінің жағдайы мен төлем жүйесінің дамуы жөнінде мәлімет берілді.  

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар