$ 441.66  475.14  4.86

Тоқаев Алматыдағы Оқушылар сарайына су жаңа автобус тарту етті

Бұл автобуспен балаларды түрлі байқауларға, жарыстар мен фестивальдерге апару жоспарлануда.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

21 наурыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жұмыс сапары кезінде Оқушылар сарайына барған еді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасымен балаларға су жаңа мектеп автобусы тарту етілді.Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі де мәлімдеді.

"Сол сапарында президент мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, балаларға түрлі сыйлықтар, сонымен бірге автобус тарту еткен болатын", - делінген мәлімдемеде.

Бұл автобуспен балаларды түрлі байқауларға, жарыстар мен фестивальдерге апару жоспарлануда.

Автобус барлық заманауи талаптарға сай және әртүрлі ауа-райы жағдайында ұзақ қашықтыққа сапарларды қоса алғанда, жайлы жүруге бар жағдай жасалған. Көліктерде ауаны баптау және жылыту жүйелерінен бөлек, төрт бейнебақылау камерасы, жүргізушіге тоқтау туралы ескерту түймесі, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандус және басқа да құрылғылар орнатылған.

Сондай-ақ, Тоқаев Оқушылар сарайын аралау барысында Алматы қаласы әкімдігіне Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін заманауи кәсіби телескоп орнатуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары