$ 494.87  520.65  4.91

Пайдаланылмай жатқан кепілдегі ауыл шаруашылығы жерлері тартып алынады

Тек заң аясында!

Қазақстанның жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов банктер мен басқа да қаржы институттарының кепіліндегі ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою шарасы басталғанын хабарлады.

"2022 жылдың 25 наурызында ҚР АШМ ЖРБК барлық аумақтық жер ресурстарын басқару департаменттеріне екінші деңгейлі банктердің кепіліндегі, сондай-ақ олардың меншігіне немесе жер пайдалануына өткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мәжбүрлеп алып қою жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырдым. Тек заң аясында!", - деп жазды Теміржанов әлеуметтік желіде.

Ол өзінің негізгі міндеті жер қатынастары саласындағы жағдайды ретке келтіру екенін атап өтті.

sputnik.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары