Экобелсенді Артем Сочнев Степногорск қаласының жылу электр орталығында апат болғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Степногорскде 50 мың адам тұрады. Қаланың ЖЭО Заводской поселкесін де аздап жылумен қамтамасыз етіп тұрған. Биыл апат бірінші рет қайталанып отырған жоқ. ЖЭО 1966 жылы салынған. Әбден ескірген. Барлық проблема 24 наурызда басталды. Қазір үйлерде крандағы су қатып жатыр. Бір жыл бұрын ЖЭО-ны тарифтерді көтеріп, содан түскен ақшамен жаңарту жоспарланған болатын. Бірақ, бұдан ештеңе өзгерген жоқ. Кеше Петропавл, енді міне, бүгін Степногорск», – делінген хабарламада экоактивистің сөзіне сілтеме жасап.