$ 494.87  520.65  4.91

Жемқорлық бойынша ең көп қылмыс жасаған шенеуніктер тізімі шықты

Айта кетерлігі, сыбайлас жемқорлық қылмыс құрылымында парақорлықтың үлесі жылдан жылға өсуде.

2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 20,4 млрд теңгені немесе 86%-ын өтеуді қамтамасыз етті, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Аzattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтыр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 892 адам сотталды.

Сотты болғандар арасында ішкі істер органдарының – 207 қызметкері, әкімдік және олардың құрылымдық бөлімшелерінің – 150 қызметкері, оның ішінде әкімдер – 5, қаржы министрлігінің – 34, ауыл шаруашылығы министрлігінің – 19, денсаулық сақтау министрлігінің – 16, ұлттық қауіпсіздік органдарының – 10, экономикалық тергеу қызметінің – 4, прокуратураның – 3 қызметші және судьялар – 3 қызметкері бар.

Айта кетерлігі, сыбайлас жемқорлық қылмыс құрылымында парақорлықтың үлесі жылдан жылға өсуде. Оның ішінде пара алу және беру, парақорлыққа делдал болу сынды жағдайлар жиі тіркелген. 2015 жылы бұл әрбір үшінші қылмыс болса, 2021 жылы 67%-дан астам қылмыс осы санатқа жатады.

«Жалпы статистиканың төмендеуіне қарамастан, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 10%-ға, тұтқындалғандардың саны 13%-ға және бас бостандығынан айырылып сотталғандардың үлесі 7%-ға өскен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің жиі болғанын көрсетеді.

Карантин кезінде осындай 71 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Олардың негізгі үлесі: жымқыру – 55%, парақорлық – 23% және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану – 7%. Жемқорлық фактілері Нұр-Сұлтан қаласында (11), Түркістан – 8, Алматы – 7, Ақмола – 6, Қостанай -6 және Алматы қаласында – 6.

Оқушыларды онлайн оқыту үшін компьютерлік техниканы сатып алуды тексеру шеңберінде анықталған заладың жалпы сомасы 15 млрд теңгеден астам. Бұл мәселе бойынша 12 қылмыс анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы – 1, Алматы облысы – 4, Атырау – 1, Қостанай – 2, Маңғыстау – 1, Павлодар – 1, Солтүстік Қазақстан – 2», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коррупция