$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар облысында 12 қойды талап өлтірген ит иесі жазаланды

46 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінде он екі қойды талап тастаған иттердің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция басқармасының баспасөз қызметі.
 
27 наурызда Павлодар облысы Ақсу қаласының полициясына Айнакөл ауылының Көктас бөлімшесінде иттер 12 бас қойды (3 қой және 9 қозы) талап тастағаны туралы хабар түсті. Бұған дейін 13 қой деп айтылған болатын.
 
Ветеринарлық қызметпен бірге келген полиция қызметкерлері, 27 наурызға қараған түні сағат 03.00- 04.00 кезінде қой қораға 3 ит кіріп кеткенін анықтады.
 
Қой иесі шамамен 400 мың теңгеге шығын келгені туралы арыз жазды.
 
Учаскелік полиция инспекторлары ит иелерінің бірін тапты. 46 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы 2-бөлігі бойынша іс жүргізіледі ("иттерді серуендету ережесін бұзу және жеке тұлғаның мүлкіне залал келтіру"). Бұл бапқа сәйкес 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл салу көзделген.
 
"Хаттаманың көшірмесі алынған соң зардап шеккен тарап келтірілген залалды өтету үшін сотқа жүгіне алады ",- деді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.
 
sputnik.kz
 
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.
 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары