$ 448.89  477.93  4.76

Бұдан былай аз мөлшерде есірткі қолданғандар қылмыстық жазаға тартылмайтын болды

Есірткіні аз мөлшерде қолданатын және сақтайтын адамдар қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қазақстанда есірткі қолданғандар үшін жазаны жеңілдету жоспарланып жатыр. Есірткіні аз мөлшерде қолданатын және сақтайтын азаматтарды қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тарту идеясы ұсынылады деп хабарлады  turkystan.kz  ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановқа сілтеме жасап.

«Есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін жазаны жеңілдетуді көздейтін екі заң жобасы әзірленді. Есірткіні аз мөлшерде қолданатын және сақтайтын адамдар қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді Әмірханов.

Сондай-ақ, заң жобасы прекурсорлар мен есірткілік заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Ол қазіргі таңдағы ең қауіпті заттар – мефедрон, пировалерон және олардың аналогтары, синтетикалық каннабиноидтардың «қылмыстық» мөлшері бір граммға дейін заңды түрде төмендегенін атап өтті.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жаза #есірткі