$ 445.66  474.58  4.78

Қарабақ жанжалы: Ресей неге Арменияға көмектеспей отыр?

Армения қандай одақтас таңдағанын енді түсініп, қателік жасағанын ұққан сыңайлы.

Ресей Украинада соғысамын деп біраз титықтап қалды. Соның кесірінен Арменияға көмектесе алмай жатыр. Екінші жағынан, Армения билігін үркіту мен есе қайтару үшін де осындай қылыққа барып отырған сыңайлы. Осылай деп жазады Европейская правда басылымы.

Басылымның жазуынша, Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясы біраз күшін алып тастады. Содан Қап тауындағы позиция мен күшінен айырыла бастады.

«Армения билігі 25 наурыз күні Ресей Федерациясынан Таулы Қарабақтағы жағдайды реттеу үшін бейбіт күштерін жіберуін өтінген еді. Армян премьер-министрі Никола Пашинян мен РФ президенті В.Путин телефонмен сөйлесіп тағы да осы мәселені талқылаған. Алайда Ресей әлі әскерін жібермеді. Себебі ресейдің өзі украинамен соғысамын деп титықтап қалды. Ресей Таулы Қарабаққа басып кірген әзірбайжан әскерін тоқтатуға тырыспады да. Бұл тарихта бірінші рет болып тұр. Ал Армения болса әлі Ресейдің «бейбіт жағдай орнатарына» сеніп отыр», - деп жазады басылым.

Сондай-ақ басылымның айтуынша, Путиннің әскер жібермей қоюының екінші бір себебі болуы мүмкін.

«Армения БҰҰ Бас Ассамблеясында Ресейдің Украинадағы әрекетін ақтауға келгенде ләм-мим демегенін, қолдап дауыс бермегеніне кектеніп, өз мәселеңді өзің шешіп ал дегендей, одақтас мемлекетін айдалада қалдырып кетті. Осы арқылы Ресей жақсы одақтас бола алмайтынын тағы бір көрсетті. Батыс елдері Украинаның одақтасы емес, бірақ көмек көрсетіп өз міндетін атқарып жатыр. Ал Ресей Арменияның одақтасы бола тұра, көмектеспек түгілі қолдау да көрсетпеді. Армения қандай одақтас таңдағанын енді түсініп, қателік жасағанын ұққан сыңайлы», - деп жазады басылым.

Басылым тілшісінің жазуынша, Әзербайжан осы жолы өзіне қаратқан Фарух ауылын енді Арменияға да, Ресейге де бере қоюы екіталай. Егер қазір қимылдап қалмаса, онда Ресей бұл өңірдегі абыройынан толық айырылуы мүмкін.

«Әзербайжандар бұл аймақты әскермен емес, айламен алып жатыр. Армяндарды ақырың көшіріп тастаудың айласын істеп жатыр», - деп жазады басылым.

bugin.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары