Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан кәсіпкерлерін мұсылмандар үшін қасиетті айда жеңілдік жасауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz. Esentai City – Продажа коммерческих помещений в Алматы Рекламаesentaicity.kz Бас мүфти қасиетті Рамазан айында халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10%-ға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауы үшін кәсіпкерлерге үндеу айтты.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім де кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кім де кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді» деген. Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Ендеше, берекелі айдың берекетінен құр қалмайық!,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Cонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы ораза кезінде ауқымды қайырым шаралары өтетінін хабарлады.
Діни басқарманың негізгі жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Діни басқарма жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қоры қасиетті айда «Шарапатты Рамазан», «Рамазан қоржыны», «Рамазан тәбәрігі» сынды ауқымды республикалық қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырады, деді ҚМДБ Төрағасы.