$ 494.87  520.65  4.91

«Қазмедиа орталығы» ғимаратынан өрт шықты

Қазіргі уақытта «Хабар 24», Qazaqstan, Balapan телеарналары хабар таратуын тоқтатқан.

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті сейсенбі күні кешке қарай «Қазмедиаорталық» ғимаратында өрт шыққаны туралы мәлімдеді, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

29 наурызда сағат 20-41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Д.Қонаев көшесі, 4, Қазмедиа ғимараты мекенжайына шұғыл жетті.   

«Адамдар қауіпсіз жерге өздері шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт орнында ТЖД жеке құрамының 13 адамы және 3 техникасы жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің күшімен 21.12-де өрт толығымен сөндірілді. Өртте аккумулятор батареялары жанғаны анықталды», - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта «Хабар 24», Qazaqstan, Balapan телеарналары хабар таратуын тоқтатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, нөсер жаңбырдан кейін техникалық бөлмелерді су басып, қысқа тұйықталу салдарынан қосалқы электр стансасы өртенген. Сондай-ақ судың кесірінен резервтік қуат көздері зақымданған. Ғимарат тоқтан толық ажыратылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары