Қазнетте колонияда жүрген Талғат Ермегияевтің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода ол бокстасып жатқаны көрсетілген.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (ҚАЖД) бейнежазбаға түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, видео 2019 жылы Алматы облысы ҚАЖ мекемесі жасақтарының бірінде түсірілген.
"Видеодағы адамдар 2021 жылдан бері бір-бірінен бөлек камерада орналасқан. Кейінірек олардың бірі колониядан босап шықты", - деді ведомство өкілдері.
ҚАЖД мәліметінше, 2021 жылдың наурызында мекемедегі тінту іс-шаралары барысында спорттық құрал-жабдықтар тәркіленді.
"2021 жылы 29 наурызда осы видеоның тарауына байланысты сотталғандар жазасын өтеп жатқан камераларды аралап шықты - қандай да бір тыйым салынған заттар табылған жоқ. Анық-қанығын білу үшін қызметтік тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады", - делінген Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.