«Назарбав Университеті» IT департаментінің қызметкері өз кеңсесінің есігіне «Zа наших» (біздікілер үшін) деген жазуы бар плакат іліп қойған.
Жазуды көрген студенттер бірден университеттің әкімшілігіне шағымданған, олар өз кезегінде бірден реакция білдіріп плакатты алдырып тастаған. Кейін университеттің қызметкерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізген.
Плакатты есігіне іліп қойған Асхат Шынтеміровтың өзі Orda.kz журналисіне пікір білдіруден бас тартты.
«Z» әріпі ресейлік жауынгерлердің әскери техникаларында көзге түскеннен кейін оларды қолдаушылар осы әріпті көліктеріне немесе есіктеріне жабыстыратын болған.
Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын «Еуропа плюс Қазақстан» радиосының жүргізушісі желіде «Вова ағайды» шақырамын деген пікірі үшін қызметінен кетіп, үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.