31 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады, республиканың солтүстігі мен солтүстік-шығысында ғана атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде күн күркіреп, жауын жауады, жел күшейеді, тұман түсуі мүмкін, күндіз шығыста бұршақ жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.
Ақмола, Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде ке й жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысының кей жерлерінде, оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.