30.03.2022, 23:28

Байбек пен Нығматуллин тексеріліп жатыр деген ақпарат тарады

Фото: ulysmedia.kz
Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ.

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллин мен Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр деген ақпарат пайда болды.

Бұл туралы «Выход к правде» Telegram-арнасы хабарлады.

«Бүгін желіде жазып жатқандай, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің де «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр» делінген хабарламада.

Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ.

orda.kz