$ 494.87  520.65  4.91

Степногордағы жылу қазандығында болған апатқа байланысты тексеру басталды

Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру белгіленді.

Степногорда жылу электр орталығында болған апаттың салдарын анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Степногор ЖЭО-дағы қазандықтардың апаттық тоқтау фактілері бойынша ҚР Энергетика министрлігі атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру белгіленді», - делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметіні ұсынған мәліметке сәйкес, тексеру нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданады.

«Анықталған бұзушылықтар мен қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады. Қазіргі Степногорда ЖЭО-да 4 қазандық және 3 турбина жұмыс істеп тұр. Станцияның генерациясы 64 МВт, жылу желілерінің температуралық режимі сақталып тұр», - дейді ведомстводан.

Еске сала кетсек, Степногордағы ЖЭО жылу жүйелеріндегі ақаудан, бірнеше шағынаудандағы көптеген тұрғын үйлер жылусыз қалған еді.

Кейін Энергетика министрлігі Степногордағы жылу электр орталығында болған апатқа қатысты жағдайды жағдайды түсіндірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары