$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда оннан астам көлік соқтығысып қалды

Жол көлік оқиғасы Шығыс айналма жолында тіркелді.

Алматыда оннан астам көліктің қатысуымен жол апаты болды. Жол көлік оқиғасы Шығыс айналма жолында тіркелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, жол апатына көктайғақ, қашықтықты сақтамау және жылдамдықты асыру себеп болған.

"Бірінші болып келе жатқан көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетіндегі қоршауға соғылған. Оның артынан келе жатқан көліктің жүргізушісі де қатты көктайғаққа байланысты тоқтай алған жоқ. Ары қарай тізбекті реакция болды. Артында келе жатқан көліктердің басым бөлігі көлікке ие бола алмады", - делінген хабарламада.

Ведомство жол апатынан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары