Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 21 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 135-ке жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Алматы қаласында - 8, Шымкент қаласында - 2, Ақмола облысында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды облысында - 1, Қостанай облысында - 1, Павлодар облысында - 1.
Қазақстанда 378 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 289 693 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.