$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жеті нысан «миналанған»

Олар - үш банк, екі СОО, әуежай және оқырмандардың айтуынша, ҚБТУ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Алматыдағы жеті объектідегі жарылғыш құрылғылар туралы хабарламаны қала полициясы тексеріп жатыр. Осы сағатта полицейлер үш нысанды тексеріп болды,  олардың бірде-біреуінен күдікті зат табылған жоқ, деп хабарлайды Алматы ПД баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта қаланың шұғыл жедел қызметтері бірқатар нысанды жарылғыш заттың бар-жоғына тексеруде. Таңертең жеті нысанда жарылғыш құрылғылар салынғаны туралы хабарламалар келіп түсті. Олардың үшеуінде тексеру жүргізілді, ақпарат жалған болып шықты, расталмады. Қалған жұмыстар жүргізілуде. Тексеру арнайы техника мен саперлерді пайдалана отырып жүзеге асырылады. Алгоритмге сәйкес объектілерге келушілерді, персоналды эвакуациялау жүргізілетіні сөзсіз. Азаматтардан қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.

Алматы әуежайы да жарылғыш зат туралы хабарлама түскенін растады. 

"Алматы халықаралық әуежайы терминал аумағында салынған бомба туралы ақпарат алынғанын растайды. Қауіпсіздік хаттамасына сәйкес жолаушылар мен персоналды эвакуациялау жүргізілді", - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде алматылықтар эвакуация жүргізілген немесе жүргізіліп жатқан жерлерден кадрлармен бөлісіп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары