Ақтөбе қаласы су астында қалды. Жергілікті билік шарасыздық танытып отыр. Кейбір мектептер онлайн оқу режиміне ауысуға мәжбүр. Тұрғындардың айтуынша, табиғи апатпен өздері күресуге болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Редакциямызға түрлі бейнежазбалар келіп түсуде. Солардың бірі өзінің ренішін қалжыңмен жеткізген. Оның айтуынша, өмір бойы теңіз жағасында тұруды арман еткен, бүгінде биліктің шарасыздығының арқасында сол асыл арманы орындалған.
"Армандайтын едім теңіздің жанынан үйім болса ғой деп. Енді, Құдайға шүкір, арманым орындалды. Өте қуаныштымын", дейді жазба авторы.