$ 443.85  474.3  4.8

Семейде ағылшын курсы кабинетінен ірі көлемде есірткі табылды

Тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты.

Семейде ағылшын курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіленді.

Наурыз айының басында Семей қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының білім беру орталықтарының бірінің ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстаған.

«Оқу бөлмесіне тінту жүргізу барысында өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған полиэтилен қапшыққа оралған картон қорап табылды. Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы 11 келіден асады» делінген хабарламада.

Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша тергеу басталды. Күдікті 10-15 жылға сотталуы мүмкін.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары